Қызмет көрсету шарттары
iText ЖШС
БСН: 161040008257
Жарияланған күні: 2026 жылғы 20 қаңтар
2026 жылғы 6 қазандағы редакция
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Қызмет көрсету шарттары (бұдан әрі — «Шарттар») iText ЖШС (бұдан әрі — «Орындаушы») мен заңды немесе жеке тұлғалар (бұдан әрі — «Тапсырыс беруші») арасындағы жазбаша аударма қызметтерін көрсету кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1.2. Шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған.
1.3. Орындаушы қызметтеріне тапсырыс беру Тапсырыс берушінің осы Шарттарды толық әрі сөзсіз қабылдауын білдіреді.
1.4. Орындаушы осы Шарттарды өзгертуге құқылы. Өзекті редакция itext.kz сайтында жарияланады.
2. Қызметтердің мәні
2.1. Орындаушы мынадай құжаттарды жазбаша аудару қызметтерін көрсетеді:
- техникалық құжаттама (жабдық, сызбалар, спецификациялар);
- еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік құжаттамасы (HSE);
- тендерлік және сатып алу құжаттамасы;
- нормативтік-техникалық құжаттама (ГОСТ, ISO, API);
- шарттар, келісімшарттар және құқықтық құжаттар;
- сертификаттау құжаттамасы (EAC, ЕАЭО техникалық регламенттері);
- корпоративтік және іскерлік құжаттама;
- жеке құжаттар (қажет болса, нотариаттық куәландырумен).
2.2. Ауызша аударма қызметтері көрсетілмейді.
2.3. Қолданыстағы тіл жұптары мен мамандану бағыттары сұрау бойынша нақтыланады.
3. Тапсырысты ресімдеу тәртібі
3.1. Тапсырыс мына тәсілдердің бірімен ресімделеді:
- itext.kz сайтындағы нысан арқылы;
- itext@itext.kz электрондық поштасы арқылы;
- +7 (771) 267-21-55 нөмірі бойынша телефон немесе WhatsApp арқылы.
3.2. Құны мен мерзімін есептеу үшін Тапсырыс беруші мыналарды ұсынады:
- аударуға арналған бастапқы материалдар;
- аударманың қолданылу мақсаты туралы ақпарат;
- қалаған орындау мерзімі;
- ресімдеу талаптары (бар болса).
3.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге құны, мерзімі және орындау шарттары көрсетілген коммерциялық ұсынысты жолдайды.
3.4. Тапсырыс Тапсырыс беруші коммерциялық ұсынысты жазбаша растағаннан және төлем шарттарын орындағаннан кейін (алдын ала төлем болса) жұмысқа қабылданған болып есептеледі.
4. Құны және төлеу тәртібі
4.1. Қызмет құны Орындаушының тарифтері бойынша аударманың көлеміне, тіл жұбына, күрделілігіне және шұғылдығына қарай айқындалады. Бағдарлы құнды itext.kz сайтындағы өтінім нысаны жүктелген құжаттардың көлеміне, таңдалған тіл жұбына және Орындаушының тарифтеріне қарай автоматты түрде есептейді. Бағдарлы құн шұғылдық пен нотариаттық куәландыруды ескермейді, ақпараттық сипатта болады және оферта болып табылмайды. Түпкілікті құн коммерциялық ұсыныста көрсетіледі (3.3-тармақ). Нотариус қызметтерінің ақысы бөлек төленеді.
4.2. Есептеу бірлігі — есептік бет: түпнұсқа мәтіннің 250 сөзі. Скан-көшірмелер мен фотосуреттер парақ санына қарай есептеледі: құжаттың бір беті түсірілген парақ немесе сурет — бір есептік бет. Құжаттың бірнеше беті түсірілген парақтың көлемін және қытай тіліндегі мәтіннің көлемін Орындаушы айқындайды. Жекелеген құжаттарға, мысалы, төлқұжатқа тіркелген баға қолданылуы мүмкін. Тапсырыс көлемі 100 есептік беттен асқан кезде 15% жеңілдік беріледі. Тапсырыс берушімен жасалған шартта өзге талаптар көзделуі мүмкін.
4.3. Салық салу режимі: iText ЖШС жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданады. Қызметтер ҚР Салық кодексінің 394-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚҚС-сыз көрсетіледі (айналым ең төменгі айналым мөлшерінен аспайды).
4.4. Төлем тәсілдері:
- Орындаушының есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз аудару;
- Kaspi QR;
- Орындаушының кеңсесінде қолма-қол ақшамен.
4.5. Заңды тұлғалар қызмет ақысын ұсынылған шот негізінде төлейді. Орындаушы қызмет көрсетуді және есеп айырысуды растайтын құжаттардың толық жиынтығын ұсынады:
- орындалған жұмыстар актісі;
- шот-фактура (қажет болса);
- ЭШФ АЖ арқылы электрондық шот-фактура (ЭШФ).
4.6. Тиісті түрде ресімделген растаушы құжаттар болған кезде аударма қызметтеріне жұмсалған шығыстар ҚР Салық кодексінің 243-бабына сәйкес Тапсырыс берушінің салық салынатын кірісін айқындау кезінде шегерімге жатқызылады.
4.7. Төлем шарттары (алдын ала төлем, кейінгі төлем, кезең-кезеңімен төлеу) жеке келісіледі. Бөлек келісім болмаған жағдайда 100% алдын ала төлем қолданылады.
4.8. Төлем 10 жұмыс күнінен астам кешіктірілсе, Орындаушы жұмысты тоқтата тұруға құқылы.
5. Орындау мерзімдері
5.1. Орындау мерзімдері коммерциялық ұсыныста көрсетіледі және тапсырыс жұмысқа қабылданған кезден бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
5.2. Мерзім көлемге, тақырыпқа, тіл жұбына, сондай-ақ бастапқы құжаттардың форматы мен сапасына байланысты. Шағын тапсырыстар, әдетте, төлемнен кейінгі келесі жұмыс күні орындалады. Шұғыл орындау алдын ала келісіледі: шарт жасасқан Тапсырыс берушілер үшін — шарт талаптары бойынша, өзге Тапсырыс берушілер үшін — ерекше жағдайларда, құнға 50% үстеме ақымен.
5.3. Тапсырыстың көлемі немесе талаптары өзгерсе, мерзімдер тараптардың келісімі бойынша түзетілуі мүмкін.
5.4. Орындаушы мына себептерден туындаған мерзім бұзушылықтары үшін жауап бермейді:
- Тапсырыс берушінің материалдарды уақтылы бермеуі;
- Тапсырыс берушінің келісуді кешіктіруі;
- еңсерілмейтін күш мән-жайлары.
6. Сапа кепілдіктері
6.1. Орындаушы мыналарға кепілдік береді:
- аударманың саланың кәсіби стандарттарына сәйкестігі;
- көрсетілген пәндік сала аясындағы терминологиялық дәлдік;
- келісілген ресімдеу талаптарының сақталуы;
- материалдардың құпиялылығы.
6.2. Әрбір аударма көпсатылы сапа бақылауынан өтеді: аударма — редакциялау — түзету.
6.3. Орындаушы жұмыс тапсырылған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде сапаға қатысты негізді ескертулерді тегін түзетеді.
6.4. Ескертулер мәтіннің нақты үзінділері мен сәйкессіздіктің сипаты көрсетіліп, жазбаша түрде қабылданады.
6.5. Орындаушы мыналар үшін жауап бермейді:
- бастапқы материалдардың қателері немесе толық еместігі салдарынан туындаған дәлсіздіктер;
- тапсырыс бергенде айтылмаған стильдік қалаулар;
- Тапсырыс берушінің аударманы пайдалану салдары.
7. Жұмысты қабылдау
7.1. Дайын аударма Тапсырыс берушіге тапсырыс ресімделгенде келісілген тәсілмен жіберіледі.
7.2. Тапсырыс беруші аударманы тексеріп, 5 жұмыс күні ішінде ескертулер жіберуге міндетті.
7.3. Көрсетілген мерзімде ескертулер түспесе, жұмыс қабылданған болып есептеледі.
7.4. Орындалған жұмыстар актісіне қол қою Орындаушының міндеттемелерді тиісінше орындағанын растайды.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Осы Шарттар бойынша Орындаушының жауапкершілігі тиісті тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтердің құнымен шектеледі.
8.2. Орындаушы мыналар үшін жауап бермейді:
- Тапсырыс берушінің аударманы пайдалануынан туындаған залалдар;
- жанама залалдар, алынбаған пайда;
- Тапсырыс берушінің дұрыс емес немесе толық емес бастапқы материалдарды беруінің салдары.
8.3. Тараптар еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайлары туындағанда міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
9. Зияткерлік меншік
9.1. Бастапқы материалдарға құқықтар Тапсырыс берушіге немесе заңды құқық иеленушілерге тиесілі.
9.2. Тапсырыс беруші материалдарды аударуға беру құқығының бар екеніне кепілдік береді.
9.3. Аудармаға құқықтар қызметтердің толық ақысын төлегеннен кейін Тапсырыс берушіге өтеді.
9.4. Орындаушы терминология бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында терминологиялық базалар мен аударма жады базаларын толықтыру үшін аудармалардың иесіздендірілген үзінділерін пайдалануға құқылы.
10. Дауларды шешу
10.1. Даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
10.2. Келісімге қол жеткізілмесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушы орналасқан жердегі сотқа қарауға беріледі.
11. Орындаушының деректемелері
iText ЖШС
БСН: 161040008257
Заңды мекенжайы: Жеңіс алаңы, 25 (Altyn бизнес орталығы), 106-кеңсе, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы
Банк деректемелері: ЖСК KZ738562203149990828, «Банк ЦентрКредит» АҚ, БСК KCJBKZKX
Электрондық пошта: itext@itext.kz
Телефон: +7 (771) 267-21-55
Сайт: itext.kz
Осы Шарттар сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және олардың күші жойылғанға немесе жаңа редакциямен ауыстырылғанға дейін қолданылады.